Қарағай кескені үшін орман инспекторының автокөлігі тәркіленді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Шарбақты аудандық соты Бесқарағай аудандық «Ертіс орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ филиалының мемлекеттік инспекторына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағай кескені үшін орман инспекторының автокөлігі тәркіленді

«2018 жылдың 29 қаңтарында айыпталушы ешқандай рұқсат құжатынсыз 19 қарағай ағашын кесіп, шөркелеп, көлігіне тиеп алып оқиға орнынан таса болған. Ол мемлекетке 43 189 теңге шығын келтірді. Сот инспекторды кінәлі деп танып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу туралы жаза тағайындады. Сонымен бірге оның УАЗ-452д автокөлігі мемлекет пайдасына тәркіленіп алынды»,-деп хабарлайды аудандық сот.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, мемлекетке келтірген шығынды толығымен өтегенін хабарлады және жөніндегі түбіртекті сотқа әкеліп көрсетті.

Үкім заңды күшіне толық енген жоқ.

Фото: sm-news.ru