Қарақалпақстанда резерват қызметкерлері «Қызыл кітапқа» енген 3 Бұхар бұғысын аулаған
ТАШКЕНТ. Kazinform - Өзбекстанның Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігіне қарасты Амудария құйылысындағы мемлекеттік биосфералық резерватының қызметкерлері 3 Бұхар бұғысын (Тоғай кермаралы немесе лат. Cervus elaphus bactrianus) аулағаны анықталды. Жағдайды Қарақалпақстан Республикасы Бируни ауданы ІІБ зерделеді, деп хабарлайды Kazinform министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зерттеу барысында аңшы мылтығымен бір аталық және екі аналық бұғының өлтірілгені белгілі болды. Оқиға орнын тексеру кезінде қорықтағы қосалқы жерінен шолақ мылтық оғының 2 пластик сынықтары, қан тәрізді қызыл дақтар және шолақ мылтық табылды. Шолақ мылтық заттай айғақ ретінде алынды.
Өзбекстанның «Қызыл кітабына» енген Бұхар бұғысын өлтіру нәтижесінде жануарлар дүниесіне жалпы сомасы 3 миллиард 375 миллион сум (1 теңге – 25,80 сум) материалдық шығын келтірілген.
Жағдайға қатысты азамат М.Қ. Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен қамауға алынды. Қазіргі уақытта Бируни аудандық ІІБ-нің тергеу бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда әйелін ұрып, шашын қырып тастаған мұғалім сотталғаны жайлы жазған едік.