Қарақат Әбден ТМД-ның байқаушыларымен кездесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ТМД байқаушылар миссиясы штабының басшысы Евгений Козяк пен осы ұйымның мүшесі Алла Харченко ҚР президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің сайлауалды штабында болды. Бұл туралы ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында үміткер үгіт-насихат науқанының барысы мен сайлауалды штабтарының жұмысы туралы әңгімеледі. Бұдан бөлек, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тұстарына тоқталды.

Бұған дейін Қарақат Әбден 10 қала мен бірнеше ауылда сайлаушылармен кездескен болатын. Алдағы уақытта кандидат Қызылорда, Ұлытау, Солтүтстік Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында кездесу өткізбек.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар