«Қарақат» мектеп-студиясының 1 жылдығына арналған «Біз 1 жасқа толдық » атты мерекелік кеші болады -Астана

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 8-інде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің концерттік залында «Қарақат» мектеп-студиясының 1 жылдығына арналған «Біз 1 жасқа толдық » атты мерекелік кеші болады. Бұл туралы мектеп-студияның ұйымдастыру комитетінен хабарлады.
None
None

Концерттік кештің міндеті - мектеп-студия қабырғасында өнерге тәрбиеленіп келген өнерпаздардың 1 жыл ішіндегі шығармашылығын дәріптеу.

Жалпы дәстүрлі ән мен эстрадалық вокал бойынша кәсіби музыкалық тұрғыда білім беретін «Қарақат» мектеп-студиясының 40-қа жуық шәкірттері бар. Дәстүрлі ән класы, эстрадамен ән салу класы және домбыра, жетіген аспаптары кластарынан білім алып отырған өнерпаздар сахна төрінде дәулескер күйші бабаларымызбен және аттары аңызға айналған сал-серілердің туындыларын көрермен назарына ұсынатын болады.

«Қарақат» мектеп-студиясының мақсаты- жас ұрпақты ұлттық өнер рухында тәрбиелеу арқылы ұлт өнеріне деген құрметін және қызығушылығын ояту.

Соңғы жаңалықтар