Қарақия тұрғыны калифорниялық шылаушын өсірумен айналысады

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылының тұрғыны Жұмабек Бөлекбаев калифорниялық шылаушын өсіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол калифорниялық шылаушынды төрт түлік малдың көңімен баптау арқылы биогумус органикикалық тыңайтқыштарын алып отыр. Жер тыңайтуға арналған қызылқұрт өсіру арқылы өз кәсібін дамытқан.

Ауыл тұрғыны 2022 жылы 4000 литрден аса өнім алған. Ал биыл 6000 литрден асырып өнім алуды жоспарлап отыр.

«Калифорниялық қызыл құрт – үй жануары сияқты зияны жоқ жәндік. Өсімдік қалдықтарының барлығымен қоректеніп, оны қара шіріндіге айналдырады. Шылаушынның өнімі - биогумус кез келген егін мен бау-бақшаны жайқалтып жібереді, диқан өнімді еселеп алады. Әсіресе, жылыжай егіндері мен гүлге беру өте пайдалы. Мұндай тыңайтқыш берілген жер төрт жылға дейін өзінің жоғары құнарлылығын сақтайды», - деді Жұмабек Бөлекбаев.


Соңғы жаңалықтар