Қаракөл қаласындағы жекеменшік асханадан екі мылтық пен 48 келі есірткі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы Қаракөл қаласында жекеменшік асхананы тексеру барысында мылтықтар мен 40 келі марихуана табылды.
Бұл туралы КирТаГ Жалалабад Ішкі істер басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
«Келіп түскен шұғыл ақпараттың негізінде Жалалабад облысы Қаракөл қаласындағы асханалардың біріне тінту жүргізілді. Оның барысында тиісті құжаты жоқ екі мылтық (ТОЗ-8) және салмағы 48 келі тартатын 4 қап марихуана табылды, делінген хабарламада.
Қаракөл қалалық ІІБ тергеу осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.