Қарақшылар «Ақтөбе» футбол командасының ойыншысын соққыға жыққан

АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Футболдан «Ақтөбе» командасының ойыншысы Эмиль Кенжесариев Алматы ауруханаларының бірінде ес-түссіз жатқанын alaman.kz хабарлаған. Бүгін «Аламан» тілшісіне белгілі болғандай, футболшы таңертең есін жиған. Футболшыны қалада белгісіз біреулер ұрып-соғып кеткен еді.

Қарақшылар «Ақтөбе» футбол командасының ойыншысын соққыға жыққан

Эмиль Алматыға пәтер алуға келген. Ақпараттарға сүйенсек, футболшының қолында қомақта қаржы болған. Қазір қылмыскерлерді іздестіру шаралары жүріп жатыр.
Ал «Ақтөбе» командасының бас бапкері Владимир Никитенко «Кенжесариев пен команда мүшелеріне сейсенбіге дейін демалыс бергенмін. Қазір команда жаттығуды бастады. Ал Кенжесариевке көмекке команданың дәрігерлерінің бірі кетті» деп мәлімдеді.