Қарақшылар ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдап бара жатқан жүк көлігін атқылап, қолға түсті

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Шымкент қаласындағы мұнай базасына қарақшылық шабуыл жасады деген күдік келтіріліп жүрген азаматты Ішкі істер министрлігі мен Оңтүстік Қазақстан облыстық криминалдық полиция қызметінің өкілдері Астанадан ұстады.

Қарақшылар ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдап бара жатқан жүк көлігін атқылап, қолға түсті

 Қарақшы мұнай базасынан ұрланған 2 миллион теңге мен 4,5 мың АҚШ долларына да қатысы бар деген күдік келтіріліп отыр. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда аталмыш азаматтың сыбайластарын қолға түсіру шаралары жүргізілуде. «Ал Қарағанды облысында Шымкенттен Қостанайға ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдап бара жатқан жүк көлігіне шабуыл жасау әрекетінің беті ашылды. Оқиға бойынша қылмыскерлер жолда кетіп бара жатқан жүк көлігін атыс қаруынан атқылаған. Осы оқиғадан 1 сағат уақыт өткен соң жол полициясы қызметкерлері күдіктілердің көлігін Қарағанды қаласынан байқап қалып ұстап, көліктегілерден «Байкал» маркілі тапаншасын тапқан. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді департамент бастығы.