Қарақшылар ерлі-зайыптыларды электрошокермен қорқытып, 2 млн. рублін алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы Солнечногорск ауданында қарақшылар үйге баса-көктей кіріп, үй иелерін байлап тастап, миллион 700 мың рубльді қымқырып, бой тасалаған, деп хабарлады "Интерфакс".

Қарақшылар ерлі-зайыптыларды электрошокермен қорқытып, 2 млн. рублін алып кетті

Құқық қорғау органдарының деректеріне сүйенсек, алтыншы маусымда үш белгісіз біреу Брехово ауылында есігі ашық тұрған үйге кіріп, электршокермен қорқытып, ерлі-зайыпты екі адамды ұрып-соғып, оларды байлап, ақшаларын ұрлап кеткен. «Қарақшылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ресей ІІД оқиғаны растады.