Қарақшылар инкассаторларға шабуыл жасап, 18 миллион ақшаны алып кетті

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - 10 шілде күні Мәскеудің солтүстік-батысында инкассаторлардан 18 миллион рубль ұрланды.

Қарақшылар инкассаторларға шабуыл жасап, 18 миллион ақшаны алып кетті

Бұл туралы "Интерфакс" агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөзден мәлімдеді.

Ұрланған ақша «Океан» ЖШБ-ға тиесілі болған.

Шабуыл салдарынан екі инкассатор зардап шекті. Олардың бірінің  жас ағызатын газды қолданудан көзі зақымданса, екіншісі ауруханаға басы мен денесіндегі жарақаттармен жеткізілді.