Қарақшылар кемеден 6 теңізшіні ұрлап әкетті, араларында ресейліктер болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік дипломаттар Бенин жағалауында пираттар кемеден ұрлап алып кеткен алты теңізшінің азаматтығын тексеруде. Бұл туралы ТАСС жұмада Бенин Республикасындағы ресейлік дипломатиялық өкілдігіне сілтеме жасап хабарлады.
«Бізге Бенин Әскери-теңіз күштері бас штабынан қаңтардың 1-нен 2-сіне қараған түні Бениннің территориялық суына жақын маңда болған судноны теңіз қарақшыларының басып алғандығын хабаралды.
Шабуыл жасалған кезде бортта 26 адам, екеуі Грузия азаматы, төртеуі Украина азаматы және 20-сы Ресей азаматы болған. Шабуыл жасау барысында алты адамды ұрлап әкеткен, олардың азаматтығы белгісіз», -деп жауап берген сөйлесуші телефон арқылы агенттікке.
Елшіліктің мәліметінше, қазіргі уақытта кеме Нигерияның территориялық суында тұр.