Қарақшылар мәскеулік бизнесменнің 35 млн. рублін тартып алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарақшылар Мәскеу орталығындағы банк алдынан бір бизнесменді ұрып-соғып, 35 млн. рублін тартып алып кетті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Қарақшылар мәскеулік бизнесменнің 35 млн. рублін тартып алып кетті

«Ер адамға Донская көшесінде жұма күні күндіз үш адам шабуыл жасаған. Ақша толы сөмкені тартып алған олар, шетелдік көлікке отырып, ізін суытқан», - делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Мәлім болғандай, полиция оқиға орын алған жердегі бардың бейнетаспаларын алып, қылмыскерлерді анықтау жұмысына кіріскен. Жедел уәкілдің айтуынша, қарақшылар өздерінің құрбанын бұрыннан аңдып, оның банктен көп мөлшерде ақша алатынын алдын ала білген.