Қарақшылар Польшаның 5 азаматын кепілдікке алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерия жағалауында кемеге қарақшылар шабуыл жасап, 5 поляк азаматын кепілдікке алды. Бұл туралы Польшаның сыртқы істер министрі арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
None
None

Бельгияның Антверпен қаласынан шығып, Нигерияға бет алған кемеде барлығы 16 теңізші болған. Олардың 11-і құтқарылды. Поляк билігінің мәлімдеуінше, ешкім жарақат алмаған, себебі су көлігінде қан ізі жоқ. Қазір африкалық елдегі Польша елшілігі оқиғаны нақтылап жатыр. Ал қарақшылар әзірге байланысқа шықпаған, деп жазады 24.kz. Фото: rbc.ru

Соңғы жаңалықтар