Қарақшыларды құрықтау операциясы кезінде 4 полиция қызметкері жараланды ? апталық брифинг

АСТАНА. Қаңтардың26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер органдары ұйымдасқан қылмыстың алдын алу және оның жолын кесу әрекеттері бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.
None
None
Соңғы аптада, яғни қаңтардың 19-ы мен 24-і аралығында ұйымдастырылған арнайы іс-шара барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 1 жетекшісі мен 12 мүшесі қамауға алынған. Олардың 4-уіне бұрын іздеу жарияланған. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАақпарат.Оның айтуынша, аталған жұмыстар барысында қылмыстық топтың 3 беделдісі ұсталған. «Ағымдағы жылдың қаңтар айының 19-ында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жергілікті тұрғындарға бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасалды. Осы қылмысты анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, полиция қызметкерлері 5 адамнан тұратын қылмыстық топ өкілдерінің ізіне түскен болатын. Олар қарақшылардың мекен-жайын анықтаған соң, арнайы «Арлан» жасағының көмегімен оларды тұтқындау операциясы ұйымдастырылды. Іс-шара облыс орталығында орналасқан көппәтерлі үйдің бірінде болған. Осыған орай қылмыстық топ мүшелерін құрықтау барысында атыс қаруын қолданбау туралы шешім қабылданды. Ал қылмыскерлер болса, өздерін құрықтау кезінде қарулы қарсылық көрсетті. Олардың бірі арнайы жасақ қызметкерлері пәтерге кірген сәтте, жарықты сөндіріп үлгеріп, тәртіп сақшыларына операцияны қараңғы пәтерге жүргізуге тура келді. Соған қарамастан, күдікті 5 азаматың барлығы қамауға алынды. Операция барысында 4 полиция қызметкері түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», деді департамент бастығы. Оның мәліметтеріне қарағанда, пәтерді тексеру барысында «АК-74» маркілі автомат пен 1 жарылғыш граната және мылтық тәркіленген. Қазір олардың барлығының бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Соңғы жаңалықтар