Қарақшылық шабуыл жасау үшін арнайы сапарға шыққан азаматтар ұсталды

Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қарақшылар елорданың 1981 және 1983 жылы туылған азаматтары болып шықты. Қазіргі таңда оларға қатысты Ақмола мен Қостанай облыстарының аймағында жасалған 4 қарулы шабуыл бойынша іс қозғалып отыр. Сондай-ақ олардың республиканың өзге де аймақтарындағы қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. «Ал Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында тұрғындарға қарақшылық шабуыл жасап, 6 миллион теңге мен 1 миллион теңгенің әшекейлік бұйымдарын қолды қылған қылмыстық топ құрықталды. Олардың әрекеттерінен зардап шеккендер көбіне кепілдікке әшекейлік бұйымдарды алып, пайыздық үстемемен қарыз ақша берумен айналысып жүрген азаматтар болып отыр.