Қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Жабайы табиғатта да қызыққұмарлар бар екен. Бұл жолы фототұзақтың назарына қарақұйрықтар ілікті. 

в
Фото: видеодан алынған скрин

Олар да камераны байқап, айналасын қызықтай бастағандай. Бірі жақындап, бірі айнала бақылап жүр. Ал фототұзақ олардың әр қимылын үнсіз тіркеп тұр.

Осындай ерекше кадрлар жабайы жануарлардың табиғи мінез-құлқын жақынырақ тануға мүмкіндік береді.

Табиғатта әр сәттің өз оқиғасы бар.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орнатылған фототұзаққа таутекелердің тағы бір қызықты сәті тіркелгенін жазған едік.