Қаралы күнге орай спорттық шаралар кейінге қалдырылды

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Қаралы күнге орай, бүгін Талдықорғанда  өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты бір күнге тоқтатылды.

Қаралы күнге орай спорттық шаралар кейінге қалдырылды

«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, біріншілік ертең жалғасын табады. Естеріңізге сала кетейік, 5 маусым күні Талдықорғандағы біріншілік барысында олимпиадаға қатысатын 8 спортшының есімі белгілі болуы тиіс еді. Бұл шешуші сын енді 6 маусым күні өтеді.

Бұған қоса, бүгін еліміздің түпкір-түпкірінде өтуі тиіс спорттық шаралардың барлығы кейінге қалдырылды.

Мемлекеттік телеарналарда көңілашар бағдарламалар мен жарнамалар 6 маусымға дейін көрсетілмейді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен шекарашылардың қазаға ұшырауына байланысты бүгін Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жарияланды.