Карантин: Ақмола облысында екі күнде 360 нысанға тексеру жүргізілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 181 мобильді мониторинг тобы жұмыс істейді.
Олар Ақмола облысының аумағында заңды және жеке тұлғалардың коронавирус инфекцияның таралу қаупі туындауының алдын алу бойынша санитарлық эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық, шектеу іс – шараларын сақтауына мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы қаңтардың 30-31 күндері аралығында мониторингтік топ 68 рейд жүргізді. Мониторингпен қамтылған 360 нысанның 29-да (азық-түлік дүкендері-7, азық-түліктік емес дүкендер-3, қоғамдық тамақтану объектілері-12, моншалар/ сауналар-4, коттеджде жаппай іс-шара-1, маникюр салоны-1) карантиндік талаптардың бұзылғандығы анықталды.