Карантин: Алматыда құдалық тоқтатылды
Қазіргі таңда коронавирус індетіне байланысты мегаполисте карантин режимі енгізілгені белгілі. Осыған қарамастан, Алматыдағы ойын-сауық мекемелерінде түрлі шаралар өтіп жатыр. Рестораторлар белгіленген жұмыс уақытын елемейді. 21-23 тамыз аралығында жиналған материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық бөлімшелеріне жіберілді. Барлық факті бойынша әкімшілік жаза қолданылады.
Мысалы, 21 тамызда сағат 19.00 шамасында тыйым салынғанына қарамастан, М.Әуезов ауданы, Ақсай 4 шағын ауданында «Достар» мейрамханасы жұмыс істеп, онда 150 қонақтың қатысуымен іс-шара өтті.
Дәл сол күні Наурызбай ауданының тексерушілері кешкі сағат 17.10 шамасында «Ақжар» шағын ауданындағы «Самир» мейрамханасында 80 келуші болған заң бұзушылықты анықтады.
Тағы бір банкет жасырын түрде Наурызбай ауданы, Дрозды көшесіндегі жеке үйде өтті, онда 30 қонақ болды. Тексерушілер хабарлағандай, мұнда құдалық болған.
21 тамызда Алмалы ауданының мониторинг тобы кешкі сағат 22 шамасында карантинді бұзған 50 адам бар «Летный двор» кафесінің жұмысын тоқтатты.
Сол күні, шамамен сағат 23.00-де Алмалы ауданының Құрманғазы көшесіндегі «1917» кафесінде тәртіп бұзушылық анықталды, шамамен 16.30-да Бостандық ауданындағы «Bi Kumis» мейрамханасында 100 қонақ шақырылған банкет тоқтатылды.
22-23 тамыз аралығында Алматыда 12 карантиндік бұзушылық анықталды. Тексерушілер жексенбі, 22 тамызда демалыс күндері жұмысқа толық тыйым салынғанына қарамастан, Бостандық ауданы Алма Арасан көшесіндегі «Холам» кафесінің жұмыс жасап жатқанын хабарлады. Мекеме ішінде 30-ға жуық адам болған.
Сол күні Дулати көшесінде «У Исабая» кафесі жұмыс жасаған, тексерушілер 80 адамды таратты.
22 тамызда Алатау ауданында мониторинг тобы «Фируза» мейрамханасын ашылғанын және 40 қонақтың болғанын анықтады.
Наурызбайдағы «Нұр-Ай» мейрамханасында 60 қонақ қатысқан шара өткізілген.
Алматыда патрульдік экипаждар ойын-сауық мекемелерінің жанында кезекшілік етеді, барлығы 150-ге жуық нысанға бақылау орнатылған.