Карантин кезінде елорданың сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу жөніндегі жедел штабтың шешімімен елордада карантин кезеңінде ірі сауда нысандарының, сауда орталықтары мен отбасылық орталықтардың, әмбебап зат сататын базарлардың, көлік жуу, қызмет көрсету стансаларының қызметі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Карантин кезінде елорданың сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді

Сауда және интеграция министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес кезеңдегі сауда объектілерінің жұмыс істеуі жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

«Сауда және интеграция министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген ұсынымдар карантин режімі қолданылатын аудандарда немесе тиісті аймақ әкімдерінің, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімі бойынша қосымша шектеу шаралары енгізілген аумақтарға қолданылмайды», делінген хабарламада.