Карантин кезінде Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына қалай түсуге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин кезінде Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына түс тәртібі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігінде күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әскери оқу орындарына талапкерлерді қашықтан қабылдау туралы шешім шықты.
Әскери институтқа түсу үшін 27 шілде мен 11 тамыз аралығында, Кадет корпусына қабылдану үшін 1- 20 тамыз аралығында қабылдау комиссиялары талапкерлердің ҰБТ-ны тапсыру, психологиялық тест нәтижесі және жергілікті әскери басқару органдарының медициналық комиссиясының қорытындысы, сондай-ақ білім туралы құжатта көрсетілген дене шынықтыру даярлығы бағасы бойынша жасалған жиынтық рейтингі кесте негізінде үміткерлерді қабылдайды.
Сонымен қатар, «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдау талапкерлердің қатысуынсыз, математика, тіл және дене шынықтыру бойынша негізгі орта білімді бітіргені туралы куәлікте көрсетілген бағалар, ата-аналар ұсынған денсаулығы туралы медициналық анықтама негізінде 2020 жылдың 3-7 тамыз аралығында өтеді.
Жергілікті әскери басқару органдарында әскерге шақыру комиссиялары талапкерді медициналық куәландыру, кәсіби-психологиялық тестіден өткізу, оқу орындарына құжаттарды жинау және ұсыну ұйымдастырылды.
Іріктеу аяқталғаны, қабылдау комиссиясының шешімі және іріктелген үміткерлердің келу мерзімі туралы ақпаратты төмендегі сайттардан білуге болады.
- Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты – viires.kz
- Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты – visvo.mil.kz
- Құрлық әскерлерінің Әскери институты – 8 (727) 290-16-09, 8 (727) 290-16-41
- Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусының байланыс нөмірі: 8 (71636) 4-15-20, 8-776-171-09-79, 8-700-983-25-99, 8-747-354-14-13.
- «Жас ұлан» РМ Нұр-Сұлтан қ. – zhasulan.mil.kz
- «Жас Ұлан» РМ Алматы қ. – 8 (7273) 09-73-53, 8-778-421-75-12.
- «Жас Ұлан» РМ Шымкент қ. – miled.kz
- «Жас ұлан» РМ Қарағанды қ. – zhasulan-krg.kz
Іріктеуден сәтті өткен талапкерлер оқу орнына келер алдында CОVID-19-ға тест тапсырып, нәтижесін көрсетуі қажет. Карантинге сәйкес олар екі апта бойы оқшаулауда болады. COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже шыққан талапкерлер толық сауыққаннан кейін қайта тапсырған медициналық тест нәтижесі болған жағдайда оқу орнына келе алады.