Карантин шараларының жеңілдеуі: Қоғамдық көлікте кондуктор болуы қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұрғындардың көшеде қандай талаптарды сақтауы қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантин шараларының жеңілдеуі: Қоғамдық көлікте кондуктор болуы қажет

«Спортпен айналысу форматына қатысты, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға рұқсат беріледі», - деп атап өтті министр бүгінгі Үкімет отырысында.

Министр халықтың көшедегі қозғалысына қатысты мынадай талаптар сақталатынын айтты.

«Көшеге, саябақтарға, скверлерге және жағалауға барғанда 3 адамнан артық топтасуға болмайды. Қоғамдық көліктің жұмысы уақыт пен жолаушылар санын 50% шектей отырып, маскалық, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды және кондукторлардың болуын міндеттеу арқылы қайта жанданады», - деді Алексей Цой.