Карантин шектеулерін жиі бұзатын өңірлер белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантин шектеулерін жиі бұзатын өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Халық арасында вирустың қауіптілігіне сенбейтін адамдар бар, олар үйлену тойларын, банкеттерді жеке үйлер мен коттедждерде өткізуді жалғастырып келеді. Мониторинг топтарының енгізілген шектеу шаралары мен ескертулеріне қарамастан, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамай жұмыс істеп тұрған нысындарды анықтау жалғасуда», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, наурызда шектеу іс-шараларын, карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында 16 030 рейд жүргізілді.

«Осы орайда 102 966 нысан тексерілді, оның ішінде 2864 нысан әкімшілік шараларға қарамастан, белгіленген шектеу талаптарын, жұмыс режимін бұзуды жалғастырып келеді, яғни бұқаралық іс-шаралар өткізіп жатыр. 3021 әкімшілік іс қозғалды», - деді А.Цой.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай нысандар мына өңірлерде көп тіркелді: Шығыс Қазақстан облысында, Алматы қаласында, Шымкент қаласында анықталды.

«Бүгінгі таңда елімізде карантиндік шараларды қасақана бұзған 512 адам анықталды. Өңірлер бойынша Шымкент қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы көш бастап тұр. 512 құқық бұзушының арасында 486-сы шағын бизнес өкілі, төртеуі орта кәсіпкерлік нысаны және 22 жеке тұлға бар», - деп нақтылады министр.


Соңғы жаңалықтар