Карантинде зардап шеккен 13 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов бизнесті қолдау бойынша жұмыс нәтижелерін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері палатаға кәсіпкерлікті қорғау бойынша 207 өтініш келіп түсті Оның 172-сі (83,09%) оң шешімін тапқан.

Қорғалатын меншік құқығының мөлшері - 4,7 млрд теңге.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының құқық қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің 7 отырысы өткізіліп, 18 мәселе қаралды. 9 мәселе оң шешімін тапты, қалғаны жұмыс барысында қаралып жатыр.

Бизнес-омбудсменнің тапсырмасы бойынша төтенше жағдай кезінде Алматыдағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда үйлері мен басқа да коммерциялық нысандардың жалдаушыларының проблемасы бойынша жұмыс тобы құрылды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2,7 млрд теңге сомасына сауда объектілерін жалға алған 12 769 кәсіпкердің мүддесі қорғалды.

«Сонымен қатар, палата 8 әкімшілік кедергіні анықтады. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұсынылған құжаттар тізімінде көзделмеген құжаттарды негізсіз қалпына келтіру, кәсіби бақылау кезінде «Жарнама туралы» Заңының талаптарын бұзу, демалыс күндері өткізілетін жәрмеңкеде сауда нүктесінің жалдау ақысын негізсіз көтеру мәселесі анықталған»,- деді палата басшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» жүлдесіне арналған байқауында 14 марапаттың 4-еуін Алматы қаласының кәсіпорындары иеленді.

Бір кәсіпорын «Іскер» арнайы сыйлығын алды.

Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттен 84,5 млрд теңге сомасына 11 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы және 19,2 млрд теңге сомасына жеке инвестиция іске асырылып жатыр. Оның 6,5 млрд теңгесі мемлекет тарапынан өтелмейді.


Соңғы жаңалықтар