Карантиндегі Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіріп-шыға алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантиндегі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына көліктер мен адамдар әкімдік тізімі бойынша кіріп-шығады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантиндегі Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіріп-шыға алады

«Сергек» жүйесін жасаушы компания полиция департаментінің планшеттеріне арнайы мобильді қосымша енгізді. Сол арқылы полиция қызметкерлері блок-бекеттер арқылы кіріп-шыққан көліктер мен адамдарды есепке алады», - деді министр.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, осы мобильді қосымша көліктің нөмірі мен жүргізушінің рұқсат етілген тізімде бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.

«Бұл тізімді әкімдік жасайды. Тізімде мысалы, қалаға азық-түлік, дәрі әкелетін адамдар мен көліктер кіргізіледі. Ал тізімде жоқ азаматтар блок-бекет арқылы өте алмайды», - деді Дәурен Абаев.