Карантиндегі жұлдыз: Бүгін «Жігіттер» тобы әннен шашу шашады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Карантиндегі жұлдыз» жобасының кезекті онлайн концертін бүгін «Жігіттер» тобы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Карантиндегі жұлдыз» жобасының тікелей эфирінде қазақ эстрадасының танымал өнер ұжымы «Жігіттер» тобының онлайн концертін тамашалаңыздар! 10 мамырда сағат 21:00-де «Қазақтелеком» компаниясының YouTube арнасынан көріңіздер. Әнмен бірге «Жігіттер» тобының мүшелері онлайн сұхбат береді», - делінген Qazaqconcert мемлекеттік концерттік ұйымының хабарламасында.

Айта кетсек елімізде төтенше жағдай енгізілгелі эстрада жұлдыздары онлайн режимде әннен шашу шашып, көрерменін қуантып жатыр. Бұған дейін Роза Рымбаева, Бекболат Тілеухан, Құрмаш Маханов, Әміре, Толқын Забирова, Назима, «91» тобы онлайн концерт берді.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Карантиндегі жұлдыз» жалпыұлттық жобасының барысын ризашылықпен қадағалап отырғанын айтқан болатын. Сондай-ақ Халық әртісі Роза Рымбаеваға онлайн концерті үшін алғыс білдірді.



Соңғы жаңалықтар