Карантинге тап болған қостанайлық азамат батысқазақстандық дәрігерлерге алғыс білдірді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда карантинге тап болған қостанайлық Александр Саламатов батысқазақстандық дәрігерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өзінің айтуынша, 26 наурыз күні Германиядан Орал қаласына ұшып келген.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты содан кейін оларды «Ивушка» карантиндік бөлімшесіне орналастырған.
«Бізге екі апта бойы барлық жағдайды жасағаны үшін облыс әкімдігіне, облыстық денсаулық сақтау басқармасына, облыстық туберкулезге қарсы диспансер директоры Мақсот Иманғалиевке ризашылығымызды білдіреміз. Дәрігерлер мен медбикелер, бәрі кәсіби әрі сыпайы қызмет көрсетіп, бізге түсіністікпен қарады. Күн сайын екі мәрте палаталар тазаланып, дезинфекция жасалды, тамағы да өте дәмді болды», деді Александр Саламатов.
Ол сондай-ақ бөлімше меңгерушісі Ажар Ахмедияроваға ілеспе құжаттарды рәсімдеп, Оралдан Қостанайға дейін көлік ұйымдастырғаны үшін алғысын жеткізді.
«Қостанайға жақсы жеттік, қазір үйдемін. Бәрі жақсы», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Саламатов.
Облыстық тубдиспансерге қарсы диспансер директорының орынбасары Ардақ Ерғалиеваның айтуынша, «Ивушка» карантиндік бөлімшесінде күні бүгін 48 адам жатыр.
«Карантиндік бөлімшеде 5 дәрігер, 15 медбике, 15 кіші медицина қызметкері, сондай-ақ 8 асүй қызметкері жұмыс істеуде. Қызметкерлер жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген, барлық жағдай жасалған. Олар бес мезгіл тамақтанады, көлік тасымалы да ұйымдастырылған», деді А.Ерғалиева.