Қарапайым адами сұраныс жоғары экономикалық көрсеткіштер сияқты маңызды - Елбасы

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Қарапайым адами сұраныс жоғары экономикалық көрсеткіштер сияқты маңызды. Бұл туралы бүгін Ақордада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен жиынның қорытындысына орай ұйымдастырылған брифингте ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлім етті.

Қарапайым адами сұраныс жоғары экономикалық көрсеткіштер сияқты маңызды - Елбасы

«Президент тағы бір мәрте барлық мемлекеттік органдар жұмысының негізі қарапайым адами сұранысқа тиесілі болуы керектігін атап өтті. Қауіпсіздік, жұмыс, жайлы баспана, отбасыдағы жеткілік, балалар үшін білім, денсаулық, демалыс. Мемлекет басшысы бұлар да жоғары экономикалық көрсеткіштер сияқты маңызды екендігін атап өтті», - деді Д.Абаев.