Қарапайым заттар экономикасы: Ақмолада жыл басынан бері 57 жоба қолдау тапты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жыл басынан бері жалпы құны 8,7 миллиард теңге болатын 57 жоба қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарапайым заттар экономикасы: Ақмолада жыл басынан бері 57 жоба қолдау тапты

«Бүгінгі күні Ақмола облысының «Қарапайым заттар экономикасы» портфелі өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кешені және құны 35,7 миллиард теңгенің қызметі тәрізді 78 жобадан тұрады. Оның ішінде жалпы құны 8,7 миллиард теңге болатын 57 жоба қолдау тапты»,- дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Биыл индустрияландыру картасы бойынша құны 64 миллиард теңге болатын 12 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл 826 астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін арттыру үшін «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы шеңберінде 4,7 миллиард теңге қаржы бөлінді (2019 жылы – 2,1 миллиард теңге).

Жаңа 45 жоба бойынша субсидия беріле бастады, 299,3 миллион теңге субсидия төленді, сондай-ақ, 86,8 миллион теңгеге 15 несие кепілдендірілді. Құны 26,7 миллиард теңгені құрайтын 6 жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қарауында жатыр.

«Құрылыс жұмыстарының көлемін арттыруды, тұрғын үйлерді мерзімінде тапсыруды, сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізуді, егістік алақаптарды әртараптандыруды және мал шаруашылығы көрсеткіштерін орындауды тапсырамын», - деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев әкімдік мәжілісінде.