«Қарапайым заттар экономикасы»: Қостанайда 424 жұмыс орны ашылды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайлық кәсіпкерлерді қолдау үшін қосымша қаржы бөлінді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жергілікті кәсіпкерлерді қолдау үшін өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының мүмкіндіктері толық пайдаланылуда. Мәселен, жыл басынан бері бағдарлама бойынша 43,2 млрд теңге болатын 248 жоба іске асырылды.

«Тағы 15 ауқымды жоба екінші деңгейлі банктер мен Ауыл шаруашылығын қолдау қорында қаралып жатыр. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру бойынша біздің облыс республикада 4-ші орынға тұрақтады. Бүгінге дейін 424 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жылына 20 мың тонна ет өндіретін «BEEF EXPORT GROUP» зауытын салу арқылы 200-дей адамға жұмыс табылды», - дейді басқарма басшысы.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ақпаратына сүйенсек, облыста «Бизнестің жол картасы-2025» аясында кәсіпкерлерді қолдау үшін 2,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Кейін дағдарысқа қарсы шаралар аясында республикалық бюджеттен қосымша тағы 2 млрд теңге аударылған. Бұл қаржат карантин уақытында қиындыққа тап болған кәсіпкерлерге айтарлықтай көмек болды. Өткен жылмен салыстырсақ, осы жылы несиелерді субсидиялау үшін қаржы 2 есе көп бөлінген. Нәтижесінде кепілдендіру сомасы 6 есе ұлғайған.


Соңғы жаңалықтар