12:05, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қарасай ауданының екі мектебіне жаңажылдық сыйлық табыс етілді
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін «Қарасай аудандық жалпы білімдік қоры» өз ауданындағы екі орта білім беру мектебіне жаңажылдық сыйлықтар табыс етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Керімбеков және Пушкин атындағы мектептердің әрқайсысына 10 компьютерлік техника мен 1 ноутбук сыйға тартылды.
Аталмыш қор өкілдерінің айтуынша, соңғы үлгідегі компьютерлік техникамен және заманауи лицензиялық бағдарламалармен жабдықталған компьютерлік сыныптар оқушылардың сауатын одан ары нығайта түспек.