Қараша айынан бастап мемлекеттік органдарда тек электрондық құжаттармен алмасуға жағдай жасалды-С. Сәрсенов

ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне қосылған ведомствоаралық электрондық құжат айналымы қараша айында 100 пайызға жеткізілді. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Электрондық құжат айналымы жүйесі. Уақыт талабы» конференциясында ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.
None
None

«Электрондық құжат айналымы жүйесін мемлекеттік органдармен бірлесе енгізіп жатқанымызға 10 жыл болды. Осы жылдары біз бұл жүйеге 86 мемлекеттік органдарды тарттық. Осының арқасында орталық мемлекеттік органдар мен облыстық, аудандық әкімдіктер бір-бірімен электрондық түрде құжаттармен алмасуға мүмкіндік алды»,-деді ол.

2011 жылы электрондық құжаттар мен қағаз құжаттар қатар жүргізілсе, енді қараша айынан бастап осы жүйеде тек электрондық құжаттармен алмасуға жағдай жасалды.

«Осы үрдіс арқылы уақыт үнемдеуге мол мүмкіндік жасалып отыр»,-деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, электрондық құжаттар 5 жылға дейін мұрағатта сақталады. Кейбір құжаттар 10 және 75 жылға дейін сақталуы тиіс. «Ондай қор бізде бар. Сақталу мерзімінде заңнама аясында тарихи маңыздылығы мен өзектілігі ескеріледі»,-деді С. Сәрсенов.

Атап айтқанда, конференция жұмысына Польша, Эстония, Украина, және Ресейден келген делегаттар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар