Қараша айында баспананы сату-сатып алу бойынша келісімдердің саны азайды - Статистика агенттігі
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Қазақстанда 2011 жылдың қаңтар-қазанында тұрғын үйлерді сату-сатып алу бойынша 144 789 мәміле жасалды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов хабарлады.
2011 жылдың қарашасында тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны 14 922-ні құрап, оның алдыңғы аймен салыстырғанда 5,8 пайызға аз болды. Ал үстіміздегі жылдың қаңтар-қарашасы аралығында барлығы 144 789 мәміле жасалды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 13,7 пайызға көп.
Өткен қараша айында баспана бойынша келісімдер ең көп жасалған өңірлердің алдыңғы бестігіне - Шығыс Қазақстан облысы (1 763), Алматы қаласы (1 729), Қарағанды облысы (1 625), Астана қаласы (1 538) және Оңтүстік Қазақстан облысы (1 273) еніп отыр.