Қараша айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,6% құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың қараша айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,6 пайызды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен хабарланды.

Қараша айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,6% құрады

Мәліметтерге қарағанда, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,7 пайызға, азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге - 0,5 пайызға өскен. Сонымен қатар, қарашада республика бойынша орташа баға өсімі тәтті бұрышқа 20,6 пайыз, қызанаққа, қарақұмық жармаға - 19,6 пайыздан, қиярға - 11,1 пайыз, қырыққабатқа - 8,6 пайыз, картопқа - 8,2 пайыз, қызылшаға - 3,2 пайыз, сүзбеге - 1,4 пайызға байқалған. Бұдан бөлек, бірінші сортты бидай ұны, шошқа еті 1 пайызға, сүт, қаймақ, мұздатылған балық 0,7 пайыздан, айран - 0,6 пайыз, ірімшік - 0,5 пайызға, нан, қара шай - 0,4 пайызға қымбаттаған.

Сонымен бір мезгілде, бағаның төмендеуі лимонға 4,3 пайыз, бананға - 2,3 пайыз, тауықтың сирағына - 2,2 пайыз , сәбізге - 1,1 пайызға тіркелді.

Мәліметтерге сүйенсек, баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 1,5 пайыз, қатты отынға - 0,9 пайыз, киім және аяқкиімдерге - 0,7 пайыз, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,3 пайызды құрады.

Бұдан бөлек, есепті кезеңде бағалар дизель отынына 3,4 пайыз, АИ-95,96 маркалы бензинге, сұйытылған газға - 0,8 пайыздан өскен.

Шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне 1 пайыз, мейрамханалар мен қонақ үйлерге - 0,9 пайыз, мектепке дейінгі білім беруге - 0,8 пайыз, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге, денсаулық сақтауға - 0,4 пайыздан өскен. Сонымен бірге, төлем алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігіне 1,6 пайызға төмендеді. Ал тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуына 1,9 пайызға, ыстық суға - 1,7 пайыз, тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,6 пайыз көтерілді.