Қараша айында еліміздегі ірi және орта кәсiпорындарға 68,3 мың адам жұмысқа қабылданды

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қараша айында еліміздегі ірi және орта кәсiпорындар мен ұйымдарға 68,3 мың адам жұмысқа қабылданды. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қараша айында еліміздегі ірi және орта кәсiпорындарға 68,3 мың адам жұмысқа қабылданды

«Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2011 жылғы қарашада 68,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 70,0 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 79,5 пайызды, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты босатылғандар 2,7 пайызды, басқа себептер бойынша қысқарғандар 17,8 пайызды құрайды», - делінген баспасөз айғағында.

Бұл ретте агенттік мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылғы қараша айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,2 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,3 пайыз, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,9 пайызды құраған. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 97,6 пайызды құрады.