Қараша айында еліміздің тұрғын үй нарығында бағалардың өскендігі байқалды

None
None
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылғы қараша айында еліміздің тұрғын үй нарығында бағалардың өскендігі байқалды.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, агенттік мәліметтері бойынша, қараша айында оның алдындағы аймен салыстырғанда көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру және оларды сату бағалары 0,5 пайызға артқан. Ал осы нарықтағы жаңа үйлерді сату бағасы 0,7 пайызға өссе, көркейтілмеген тұрғын үйлерді сату бағасы 0,8 пайызға өсті.

Бұл ретте Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, жаңадан салынған тұрғын үйлердің орташа бағасы шаршы метріне 151 мың 685 теңгені құраған. Екінші нарықтағы көркейтілген тұрғын үйлердің орташа бағасы қараша айында 113 мың 486 теңге болса, одан төменгі санаттағы үйлердің бағасы 67 мың 676 теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар
telegram