Қараша айында теңгенің АҚШ долларына бағамы 147,28-147,69 теңге аралығында болды - ҚР Ұлттық банкі
АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 2010 жылғы қарашада теңгенің АҚШ долларына бағамы 1 АҚШ доллары үшін 147,28-147,69 теңге аралығында болды.
Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінде өткен айдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
Жалпы алғанда қарашада теңге өзгерген жоқ және айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 147,58 теңге болды. Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялар көлемі қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді ескере отырып 2010 жылғы қазанмен салыстырғанда 27,4 пайызға өсіп, 5,7 млрд. АҚШ долларына жетті. Биржадан тыс валюта нарығында операциялар көлемі 24,9 пайызға төмендеп, 3,4 млрд. АҚШ долларын құраған.