Қараша айында тұрғын үйлердің бағасы өсті
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда көркейтілген тұрғын үйлерді жалға берудің бағалары 0,7%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,3 пайызға өсті.
Бұдан бөлек, Көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып сату бағасы 0,3%, көркейтілген тұрғын үйлерді алып сатудың бағасы 0,2%-ға артқан. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында 2012 жылдың қаңтар-қараша айларына салыстырғанда 10,4 пайызға өскен. Бұдан бөлек, 2013 жылдың қарашасында еліміздің тұрғын үй нарығында баға орташа алғанда жаңа тұрғын үйлерде 1 шаршы метріне 188 мың 279 теңгені құраған. Ал көркейтілген тұрғын үйлердегі шаршы метр бағасы орташа 146 мың 449 теңгені, одан төменгі санаттағы тұрғын үйлерде 84 мың 917 теңгеге жетті.
Сонымен бірге, есепті кезеңде көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру шаршы метріне шаққанда 1 мың 92 теңгені құраған.