Қараша айында «Жаңа Қуат», «Елисей алаңы» тұрғын үй кешендерінің 2-ші кезеңі пайдалануға берілмек
trong>Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қыркүйек айында Алматы облысында 44 және 260 пәтерлік 2 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Алматыда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен отырыс барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Тәкенов айтты
, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тамыз айында бекітілген кесте бойынша Алматы облысында 3 тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, 486 үлескердің мәселесі шешімін тапқан. Бұлардың ішінде «Алтын ауыл» тұрғын үй кешенінде - 64, «Алғабас» кешенінде - 193, «Sakura Home» кешенінде 229 үлескер пәтерге ие болған.
Б.Тәкеновтың айтуынша, 2168 үлескері бар 6 тұрғын үй құрылысын «Самұрық-Қазына» Тұрғын үй қоры» мен екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру көзделген. Бұлардың ішінде «Премьера», «Өмірі ұзақ», «Өркен», «Хан тәңірі», «Шығыс» тұрғын үй кешендерін экономиканы қайта жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қаржыландыру мақұлданған.
Б. Тәкеновтың сөзіне қарағанда, бұлармен қатар қараша айында «Жаңа Қуат», «Елисей алаңы» тұрғын үй кешендерінің 2-ші кезеңі пайдалануға берілмек.