Қарашада өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда бағалар 6,2 пайызға қымбаттады

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы қарашада өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда бағалар 6,2 пайызға қымбаттады,

 Қарашада өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда бағалар 6,2 пайызға қымбаттады

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

  Агенттіктің таратқан ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылғы қарашада оның алдыңғы аймен салыстырғанда бағалар кен өндіру өнеркәсібінде - 9, өңдеу өнеркәсібінде - 2,6, электр энергиясын, газ және суды өндіру мен таратуда - 1,3 пайызға жоғарылаған.  

 Өткен айда бағаның өсімі мұнайға - 11,6, бензинге - 9,6, табиғи газға - 3,5, газ конденсатына - 2,4, электр энергиясына - 1,6 және жылу энергиясына - 1,3 пайызға тіркелді, ал дизель отыны - 2,2 және көмір - 1,9 пайызға арзан болды.

 Бағалар сондай-ақ, қорғасынға - 10,7, ферроқорытпаларға - 9, мырышқа  -7,8, қымбат металдарға -2,8, өңделмеген алюминийге - 2,4 және мысқа - 1,5 пайызға жоғарылады.

 Азық-түлік өнімдер нарығында қант - 4,3, маргарин - 2,8, сүт өнімдері - 2,5, шай - 1,9 және балық - 0,8 пайызға қымбаттаса, керісінше, жармалар - 18,8, бидай және қара бидай ұны - 7,2, нан - 1,6  және макарон өнімдері - 1,5 пайызға арзандады.