Қарашада тұтынушылық сұранымның кемуі іскерлік белсенділіктің төмендеуіне себеп болды
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2012 жылдың қарашасында өткен аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың кемуін және өнеркәсіп көлемінің азаюын атап өттi, бұл олардың іскерлік белсенділігінің кемуін айғақтайды.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа кеміп, (+10)% құрады.
Өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша жақын арадағы келешекте 2013 жылғы ақпанға дейiн iскерлiк белсендiлiктің өсуі күтіледі.
2012 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда тұтынушылық сұранымның кемуі, сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, олардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне себеп болды. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 2 пайыздық тармаққа кеміп, (+3)% құрады.
2013 жылғы ақпанға дейін ағымдағы уақытпен салыстырғанда, 66% кәсіпорын өзінің қаржылық - шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 20% - жақсаруын және 11% -нашарлайтындығын атап өтуде.