Қарашада жаңа тұрғын үйлердің бағасы 0,3 пайызға төмендеді

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2009 жылдың қарашасында оның алдындағы аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 0,3 пайызға төмендеді,

Қарашада жаңа тұрғын үйлердің бағасы 0,3 пайызға төмендеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, қараша айында  жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны -137,19 мың теңгені құрады. Жыл басынан бері республикамызда тұрғын үйдің бағасы  7 пайызға төмендеген. Ал, екінші нарықтағы тұрғын үйлердің бағасы өзгермеген және бір шаршы метрі 100,78 мың теңге шамасында. Тұрғын үйді жалдап тұру құны да тұрақты, бір шаршы метрі  812 теңге күйінде қалып отыр.