Қарашаның 13-і күні Астанада үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын әзірлеу мәселесіне байланысты отырыс өтеді
sp;АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарашаның 13-і күні Астанадағы «Эталон орталығы» ғимаратында Индустрия және сауда вице-министрі Ерхат Есқалиевтың төрағалығымен үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын әзірлеу жұмыстарына байланысты арнайы отырыс өтеді.
Онда Қазақстанның жаңа индустриялық саясаты аясында техникалық реттеу құралдарын тиімді қолдану мәселесі талқыланбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырысқа мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады деп күтілуде. Отырыста сондай-ақ Кеден одағымен байланысты техникалық реттеу, индустрияландыру процесіндегі техникалық реттеу мен сапа инфрақұрылымын құру, бизнес қоғамдастықтарымен бірлесе отырып өнеркәсіпті дамыту мен олардың стандарттарына қатысты мәселелер де сөз болады.