Қарашаның соңына дейін елордада 55 жылы аялдама салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашаның соңына дейін елордада 55 жылы аялдама пайда болады. Бүгінге дейін 22 жабық типті павильон пайдалануға берілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
None
None

2018 жылы қоғамдық көліктер көрсететін қызметтердің сапасын жоғарылату мақсатында көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 55 жабық типті павильондарды (жылы аялдаманы) орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

«55 павильонның барлығы орнатылды. Олардың 22-сі пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген павильондар кондиционер жүйесімен, жылытқышпен, Wi-Fi желісімен, бейне-бақылау жүйесімен жабдықталған. 33 аялдама павильоны бойынша іске қосу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Басқармада атап өткендей, күніне Астанада 5-7 жабық типті павильон пайдалануға беріледі. Жоспар бойынша жылы аялдамаларды орнату жұмыстары 25 қарашаға дейін аяқталмақ. 

 

Соңғы жаңалықтар