Қарашай-Шеркес президенті отставкаға кетті
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Ресей президенті Дмитрий Медведев Қарашай-Шеркес Республикасының президенті Борис Эбзеевтің өкілеттілігін мерзімен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.
Кремльдің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚШР президенті өз еркімен қызметінен кетті, деп жазады Росбалт.
Мемлекет басшысы Қарашай-Шеркес президентінің отставкасын қабыл алып, оның міндетін уақытша атқарушы етіп Рашид Темрезовты тағайындады. Ол президенттік өкілеттілікке ие болған тұлға өз лауазымына келгенше, республиканы басқарады.
Жарлық өз күшіне енді.