Қарашығанақта газ өндіру қысқартылды – Ерлан Ақкенженов
АСТАНА. KAZINFORM – Орынбор газ өңдеу зауытына дрон шабылуы жасалғаннан кейін Қарашығанақ кен орнынан газ өндіру көлемі қысқартылды. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті.
- Бүгінде Қарашығанақ кен орнынан газ өндір көлемін 34 мыңнан 25 мың тонаға дейін қысқартуға мәжбүр болдық. Қысқартылған көлемі – 9 мың тонна. Соған орай қазіргі уақытта бізде газ қабылдау қысқартылды, - деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында.
Осы орайда министр газ өндіру көлемінің қысқартылуына қарамастан ішкі нарықты көгілдір отынмен қамту көлемі төмендемегенін баса айтты.
- Бүкіл Қазақстанды газбен қамтамасыз етуде іркіліс болған жоқ. Қазіргі уақытта газ жеткізуге қатысты барлық міндеттемеміз толық көлемде орындалып жатыр, - деді Ерлан Ақкенженов.
Айта кетейік, жалпы отырыста Мәжіліс пен Сенат депутаттары Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарап жатыр.