Қарашығанақтағы жөндеу: кен орнындағы өндіру келемі қаншалықты қысқарады
АСТАНА. KAZINFORM – Қарашығанақ кен орнындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары мұнай өндіру көлемінің шамамен 400–450 мың тоннаға азаюына әкеледі. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті.
Оның айтуынша, жөндеу жұмыстарын күзде бастау жоспарланған.
- Қарашығанақ кен орнында жөндеу жұмыстары күзге белгіленген. Біз оны қыркүйектің ортасына жоспарлап отырмыз. Өндіру көлемінің азаюы шамамен 400–450 мың тоннаны құрайды, - деді Ерлан Ақкенженов Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарланғандай, Орынбор газ өңдеу зауытына дрон шабылуы жасалғаннан кейін Қарашығанақ кен орнынан газ өндіру көлемі қысқартылды.