Қарашығанақ - әлемдегі ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қарашығанақ әлемдегі ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Қарашығанақ - әлемдегі ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі
Фото: akorda.kz

▪️ 1997 жылдан бері инвесторлар Қарашығанақ кен орнын игеруге 30 миллиард долларға жуық қаржы құйған.

▪️ Жоба жүзеге асырыла басталғалы бері ҚПО ел экономикасына 57,4 миллиард доллар көлемінде табыс әкелді. Оның ішінде 45,9 миллиард доллар бюджетке салықтар, төлемдер және өнімдегі үлес есебінен түсті.

▪️ «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» 3,8 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал консорциумға түрлі қызмет көрсетіп, өнім жеткізетін 142 мердігер мекемеде 20 мыңға жуық адам еңбек етеді.

▪️ Компания 1998 жылдан бері өңірдегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларға 754,5 миллион доллар бөлген. Бұл қаржыға Батыс Қазақстан облысы бойынша 16 аурухана мен емхана, 3 дене шынықтыру-спорт кешені, 34 мектеп пен балабақша, театрлар және мәдени орталықтар және басқа да инфрақұрылымдар салынған.