Қарашығанақ кенішінде бір айда 82 адамнан коронавирус табылған

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қарашығанақ кенішінде желтоқсан айында 82 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарашығанақ кенішінде бір айда 82 адамнан коронавирус табылған

Облыстық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, вахтаға келер және кетер кезде осыншама адамнан індет анықталған.

Жалпы, Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кенішінде эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Кен орнында 4321 адам жұмыс істейді. Еңбек ұжымдары арасында жаппай ауру тіркелген жоқ.

1-28 желтоқсан аралығында 3072 ПТР талдау алынып, соның 2,6 пайызынан коронавирус анықталды. Барлық жұқтырғандардың 70 пайызы - ауру белгісі жоқтар.

Чинарев кенішін игеріп жатқан «Жайықмұнай» ЖШС-ында індет басталғаннан бері 61 КВИ тіркелсе, соның үшеуі желтоқсан айында вахтаға ауысымға келіп жатқандарды тестілеу кезінде шықты. Чинарев кенішінің өзінде қызметкерлер арасында анықталған жоқ.

Кеніштер аумағындағы эпидемиологиялық жағдайға күн сайын мониторинг жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жаңа жыл қарсаңында көңіл көтеру орындарын қадағалау күшейтілгенін жазған болатынбыз.