09:04, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қарашығанақ кенішінде су бөшкесінің жарылуы салдарынан жұмысшы қаза тапты
АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қазақстанның батысындағы Қарашығанақ кенішінде өндірістік оқиға орын алды - су бөшкесінің жарылуы салдарынан «Флагман» мекемесінің операторы қаза болды,

деп хабарлады жексенбі күні Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жарылыс сенбі, желтоқсанның 19-ы күні сағат 19.20-да гидрологиялық тест жүргізу кезінде орын алды. Оқиға салдарынан жарақат алған 27 жастағы азамат қайтыс болды.